оңғы қоңырау – мектеп өміріндегі ең әсерлі әрі есте қаларлық мереке. Бұл күн оқушылар үшін ерекше қуаныш пен толғаныс сыйлайды. Әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін бұл – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды сәт.
Мектебімізде мерекелік іс-шара салтанатты түрде ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мектеп әкімшілігі, алғашқы ұстаздар мен ата-аналардың құттықтау сөздерімен жалғасты.
Мектеп басшысы оқу жылының қорытындысын жасап, белсенді оқушыларға алғыс хаттар табысталып, түрлі жетістіктері атап өтілді. Ұстаздар түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Мереке барысында түлектер ән айтып, би билеп, көркем сөз оқыды. Түлектер ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттеріне түсірілген шағын видеоларынан үзінді көрсетті.
Соңғы қоңыраудың ең әсерлі кезеңдерінің бірі – алғашқы сынып оқушылары мен түлектердің бірге соққан соңғы қоңырауы болды. Бұл сәт барлық қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мерекенің басты мақсаты – оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, ұстаз еңбегін құрметтеу және түлектерді үлкен өмірге шығарып салу болды.


