"Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қолдауымен "Jaksylyk"қоғамдық бірлестігін ұйымдастыруымен, Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернаты білім алушылары 2025 жылдың 04 желтоқсан күні қаламыздағы «Жас-ұлан» жасөспірімдер орталығында жыл сайынғы өтетін Халықаралық мүгедектерді қорғау күніне арналған «Рухы биік жандар!» атты қалалық фестиваліне қатысты.
Негізгі мақсат:
- мүгедектігі бар адамдарды интеграциялау,
- қоғамдық санада мүмкіндігі шектеулі адамдарға оң, толерантты көзқарас қалыптастыру,
- мүгедектігі бар шығармашыл дарынды адамдарды анықтау.
Онда біздің оқушыларымыз «Гүлдер» би тобы «Дружные ребята» және «Самғау» биін биледі. Жолтай Айша «Мың алғыс саған ұстазым» әнін орындады. Зылев Елдос пен Николаев Эльдар «Тұлпарым» әнін орындап шықты. Фестиваль қатысушылары Ұйымдастыру комитеті мүшелері мен демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, технология пәнінің мұғалімдері өз көрмелерін қала тұрғындарына ұсынды.


