2025 жылдың 23 қазан күні Арқалық арнайы мектеп-интернатында 0-1, 2 және 7-8 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Республикам – мақтанышым менің" атты Республика күніне арналған мектепішілік ашық сынып сағаты өткізілді.
Іс- шараның мақсаты – оқушыларға Республика күні туралы мағлұмат беру, еліміздің тәуелсіздігін құрметтеуге, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу болды. Шара барысында оқушылар Отан, ел бірлігі, Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқап, көріністер қойды.
Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елжандылық пен отаншылдық сезім қалыптасады.


