Мерейлі отбасы

10 сәуір, сағат 12.00 де мектебімізде мектепішілік іс-шараға «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді насихаттау. 
Байқауымыз 5 бөлімнен тұрды:
1/  «Таныстыру»
2/ «Отбасы құндылықтары» кезеңі
3/ «Өнерлі отбасы» кезеңі 
4/ «Шебер қолдар» кезеңі 
5/ «Ситуациялық сұрақтар» талдау кезеңдері болды. 
Қатысқан оқушылар мен ата-аналары:
4«А» сынып оқушысы Бақытжан Аяжан әжесі Еренгалиева  Балдырған
8«А» сынып оқушысы Жолтай Айша анасы Айтмагамбетова Айжан Шуленовна
9«А» сынып оқушысы Карин Нұрислам анасы Казина Бибиханым Казихановна
10«А» сынып оқушысы Қуандық Нұрай  анасы Елеусизова  Данагүл Тулеуовна.
Байқауға қатысушылар әр бөлімге үлкен дайындықпен келіп, өздерінің нағыз мерейі асқан отбасылары екенін көрсетті. 
Атсалысқан отбасыларға «Үздік отбасы»,«Өнерлі отбасы», «Ұлағатты отбасы», «Шығармашыл отбасы» номинациялары берілді.