2026 жылдың 24 сәуір күні, 5-10 сыныптары арасында «Менің құқықтарым» тақырыбында ақпараттық сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты, оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.


