Қош келдің, Әз - Наурыз

Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, Әз - Наурыз » мерекелік іс-шарасы өтті. 
Мақсаты:  оқушыларға «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сыныптар «Ахмет»,  «Абай»,  «Ыбырай» ауылдары болып  бөлініп    
салт-дәстүрден көріністер көрсетті. 8 сынып оқушысы   Жолтай  Айша «Қазақ осы» әнін орындап, 5 сынып оқушылары «Арғымақ» биін биледі, Елемисов Нұрислам «Әжетайым» өлеңін айттып мерекелік көңіл күй сыйлады.