Қоғамдық мүлікті сақта!

«Заң және тәртіп» аясында 5-10 сынып оқушылары 26 - 30.01 аралығында, «Қоғамдық мүлікті сақта!» (вандализмнің алдын алу, мәдени ескерткіштерін бұзудың зияны туралы мектепішілік әңгімелер, топтық талқылаулар) челленджіне қатысты.  Әр сынып оқушылары «Қоғамдық мүлікті бірге сақтайық!», «Табиғатты сақта!», «Ережелерді ұмытпа, қоғамдық мүлікті сақта!»,
«Қоғамдық орынды таза сақтау керек», «Мектеп кітаптарын дұрыс ұста!», «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыптарында қабырға газеттерін дайындап, қорғады.