Қасыңда жүр жақсы адам

8 сәуір күні мектебімізде «Қасыңда жүр жақсы адам» атты демеушілерге арналған іс-шара өткізілді. Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек –құр кеуде» — деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жандар алдымен қайырымдылық жасайды, қолдау білдіреді. Жақсы ниет білдіріп, оқушыларымызға қолдау көрсету  мақсатында: «Жүрек жылуы 2021» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Нурманов Қаратай Абдихамитович. 
Арқалық қалалық Мұхтасиб Әлмухаммед мешітінің бас имамы Шайкемелов Балғабай Оразханұлы.  
Арқалық қаласы бойынша «Доброцен» сауда дүкені желісінің басшысы Кособуцкая Анна Викторовна демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетті. 
 Әр баланың шынайы күлкісі біз үшін бақыт!
 Әр бала бақытты болуға лайықты!!
 Келешек ұрпаққа бақыт күлкісін сыйлап, мейірім шуағы мен қайырымдылықтың қастерлі өнегесін көрсете білген демеушілерімізге мың алғыс айтамыз!!!