20 қараша күні кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу аясында 5-10 сынып білім алушыларына "Тұрмыстық зорлық - зомбылық және балалар құқығын қорғау" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуі жайлы айтылды. Бұндай жағдайда не істеу керек? Кімге айту қажет, кімнен көмек сұраған жөн, қандай жедел нөмерлерге хабарласқан жөн? - деген сұрақтар талқыланып, білім алушыларға сұрақтар қойылды. - Бала құқықығына не жатады? Бүгінгі ақпараттық сағат барынша ашық түрде өтті. Балаларда өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты.


