Азаматтық қорғаныс күні

Іс-шараның мақсаты: 
Қол жетімді және тәжірибеге бағдарланған жұмыс нысандары арқылы білім алушылардың азаматтық қорғаныс туралы қарапайым білімдерін және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.  2026 жылдың 27 ақпан күні, барлығы дабыл белгісі берілген уақытта, іс-шара өткізілетін жерге жинала қалды. Онда ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, одан әрі оқушыларға АКТ залында викториналық тапсырмалар, сұрақ-жауап, видеороликтер көрсетілді.