7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

6 мамыр күні, сағат 10:00 де мектеп ауласында оқушылармен мерекелік іс-шара өткізілді. 
Мақсаты: Оқушыларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беру, елін, жерін сүюге, Отанды қорғауға, батыр бабалар рухын құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген құрмет сезімін арттыру, ерлік пен елдік ұғымын дәріптеу.
Қазақстан  Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалып, мектеп оқушылары сапқа жүру шеруіне қатысты. Әрі қарай түрлі ойындар ойнатылып, оқушыларға тәтті дастархан жайылды.