30 мамыр күні мектебімізде мекрекелік іс-шара атап өтілді. Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Сынып сағаттарында мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суреттерін салды. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білді. Мектепішілік іс-шарада сыныптар бірлесе отырып орыс, татар, өзбек, кәріс ұлттарының салт-дәстүрін, би-өнерін, ұлттық тағамдарын таныстырып шықты. Оқушыларға ұнады, жақсы көңіл күймен тарқасты.


